ҚАЗҰУ-ДА «6B05203 ГИДРОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ ӨТТІFarabi University

51

ҚАЗҰУ-ДА «6B05203 ГИДРОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

5 мамыр, 2025

30 cәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасында «6B05203 Гидрология» мамандығы бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың екінші кезеңі өтті.

Олимпиадаға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінен құралған командалар қатысты. Іс-шара гибридті форматта, факультеттің «Қашықтықтан зондтау және қолдану технологиясы» Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасы базасында өткізілді.

Олимпиадаға конкурстық комиссияның төрағасы ретінде PhD, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ жетекші ғылыми қызметкері Сапарова А. шақырылды. Екі университеттен 4 HydroInnovators, AquaLogic, Mermaids және Айсберг атты командалар қатысып, білімдерін сынады. Олимпиада «Таза су және санитария» және «Сапалы білім беру» ТДМ мақсаттары негізінде жүзеге асырылды.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең «Гидрологтың кәсіби портреті» қатысушылардың жоғары деңгейлі дайындығымен ерекшеленсе, екінші кезеңде практикалық тұрғыдан жан-жақтылықты қажет ететін кейс тапсырмалар орындалды. Соңғы кезеңде студенттердің инновациялық жобалары талқыланды. Қатысушылар әр кезеңде теориялық білімдерін, шығармашылық ойлау қабілеттерін және кәсіби шеберліктерін көрсете білді. Олимпиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттерге кәсіби дамуға үлкен серпін берді.

Олимпиаданың ерекшелігі – тек пәндік біліммен шектелмей, қатысушылардың экологиялық ойлау мәдениеті, су ресурстарын басқарудағы креативті шешім ұсыну қабілеттері және ұжымдық жұмыс дағдылары да бағаланды.

Комиссия мүшелері әр кезеңдегі тапсырмаларды кәсіби деңгейде бағалап, объективті шешім шығаруға басымдық берді. Олимпиада нәтижесінде үздік көрсеткіштер көрсеткен командалар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бірінші орынды – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, география және табиғатты пайдалану факультетінің 3 курс студенттері «Mermaids» (Айдарбаева А.Д., Ануар Ж.Ж., Ерлан Д.) ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Раймбекова Ж.Т.

Екінші орынды – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, жаратылыстану ғылымдары факультетінің 2 курс студенттері «HydroInnovators» (Торбаева А.У., Ташева Е.А.) ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, PhD Токсанбаева С.Т.

Екінші Үшінші орынды – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, география және табиғатты пайдалану факультетінің 3 курс студенттері «Айсберг» (Маканова Д.С., Тілеубай М.А., Құсаин С.М., Абдильдахан А.Р.) ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Жанабаева Ж.А..

Үшінші орынды - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, жаратылыстану ғылымдары факультетінің 2 курс студенттері «AquaLogic» (Толыбаева Д.Б., Дүйсен А.Е., Дәулеткелді А.С.) ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, PhD Токсанбаева С.Т.

Бұл шара студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, жас гидролог мамандар арасында тәжірибе алмасу алаңына айналды. Сонымен қатар, екі университет арасындағы академиялық байланысты нығайтып, болашақ кәсіби әріптестікке негіз қалады. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушылар мен қонақтарға алғыс айтып, осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.