Farabi University

51

Инновациялық қызмет

Инновациялық жне зияткерлік меншік басқармасы университетте жүргізілетін ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ), тәжірибелік өндірістің, студенттік конструкторлық бюроның (СКБ) жұмыстарын үйлестіреді, сонымен қатар университеттің барлық ғылыми-зерттеу бөлімдерін, ғылыми-зерттеу институттарын (ҒЗИ), ғылыми орталықтар (ҒО) мен инновация мәселелері бойынша технопаркті біріктіреді.

Басқарма қызметінің басты мақсаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми жне интеллектуалдық әлеуетін барынша толыққанды пайдалануға, ғылыми-зерттеу жұмысының, ғылыми-зерттеу жне тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерінің тиімділігін жне білім берудің сапасын арттыру үшін ғылыми-өндірістік қызметтің кешенді дамуына ықпал ету, инновациялық қызметті ұйымдастыру, ғалымдар мен мамандардың халықаралық ынтымақтастықты нығайту жне білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады.

Басқарманың негізгі міндеті университеттің факультеттерінде, ғылыми-зерттеу институттарында жне басқа да ғылыми-инновациялық бөлімшелерінде жүзеге асырылатын іс-шараларды ақпараттық, әдістемелік жне ұйымдастырушылық тұрғысынан қамтамасыз ету болып табылады.