Медициналық-педагогикалық қолдау: инклюзивті білім берудің тиімді жолыFarabi University

51

Медициналық-педагогикалық қолдау: инклюзивті білім берудің тиімді жолы

5 мамыр, 2025

ҚазҰУ-да 2020 жылы «Инклюзивті білім беруді медици­на­лық-педагогикалық сүйемелдеу» бағдар­ла­масы жүзеге асып, осы мамандық бо­йынша оқуға түлектер қабылдана бастады. Мамандық қазіргі білім беру жүйесіндегі ең ма­ңыз­ды бағыт­тар­дың бірі. Инклюзивті білім беруді меди­ци­на­лық-педагогикалық сүйемелдеу ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тү­сініп қана қоймай, оларды дамыту үшін қолайлы орта құруға белсенді қатысуға мүмкіндік береді.

Медициналық-педагоги­ка­лық қолдау медицина, пе­да­гогика және психология са­лаларындағы білімді бі­ріктіреді. Ол арқылы біз ба­ла­лардың физикалық және психологиялық жағдайын тал­дап түсінуді, жеке білім беру маршруттарын әзірлеуді және әр балаға жақсы жағдай жасау үшін мұғалімдермен және ата-аналармен ынты­мақ­тастықты үйренеміз.

Медициналық-педа­го­ги­калық сүйемелдеу балаларға кө­мек беріп қана қоймай, со­нымен қатар әр баланың бі­лім алуға және лайықты бо­ла­шаққа құқығы бар ин­клюзивті қоғамның да­муы­на нақты үлес қосуға жол ашады. Со­нымен қоса оны қоршаған бар­лық адамдарды – мұға­лім­дерден бастап, сынып­тас­тарына дейін осы процеске тарту маңызды.

 Осы мамандық бойынша оқу көптеген ерекше са­бақ­тар­мен таныстырады және де көп түрлі бағытта (прак­ти­калық) білім алуға мүм­кіндік туғызады. Инклюзивті білім беруді медициналық-педа­го­ги­калық сүйемел­деу бағ­дар­ла­масының үй­лес­­ті­ру­шісі – ҚазҰУ-дың пе­­да­го­ги­ка ғы­лымының док­торы Анар Бе­кетбай­қы­зы. Жан-жақ­­­ты ме­ди­циналық білім­нің қа­лып­тасуына Сан­жар Ас­фен­­дияров атындағы ҚазҰМУ-дың білім беру бағ­дар­ламалары үлкен септігін тигізеді. «Балалық шақтағы функционалды (невро­ти­ка­лық) бұзылулар», «Жүйке жүйе­­сі ауруларымен жүр­гі­зілетін медициналық оңалту жұмысы» дисциплиналары бойынша ҚазҰМУ доценті Гүлнар Мұхамбетова сабақ жүргізді. Бұл сабақтардан ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беретін мектептерге сәтті біріктірудің маңызы және басқа да көмек жүйесі әр баланың өз әлеуетін жүзеге асыра алатын жағдайларды жасауға бағытталған меди­ци­налық және педаго­ги­ка­лық аспектілерін анықтай оты­рып, жаңа технологиялар бо­йынша сабаққа бала­лар­ды қалай кіріктіруге бо­ла­тынын білдік. Сондай-ақ ме­ди­ци­на­лық-педагогикалық қол­дау­дың құрылымы мен функ­ция­ларын, осы про­цес­ке қа­тысатын маман­дардың не­гізгі міндеттерін қа­рас­тыр­дық.

 Инклюзивті білім барлық балаларға физикалық, ин­тел­­­лектуалдық немесе эмо­ционалдық ерекше­лік­теріне қарамастан, тең мүмкіндіктер беруге бағытталған. Бұл бас­қа оқушылармен тең дә­ре­же­де жалпы білім беру про­це­сіне ерекше білімді қажет ете­тін балаларды қосуды біл­діреді. Алайда инклюзивті тә­жірибені сәтті жүзеге асы­ру түрлі профилдегі ма­ман­дардың кешенді қолдауын қажет етеді. Медициналық-пе­дагогикалық сүйемелдеу ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға да, олармен жұ­мыс істейтін мұғалімдерге де қажетті көмекті қамта­ма­сыз етеді.

 Қорыта келе айтарымыз, медициналық-педаго­ги­ка­лық сүйемелдеу – инклюзивті білім беруді табысты іске асы­рудың ажырамас бөлігі. Ол арқылы ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға ке­шенді қолдау көрсетеді, олар­дың білім беру ортасына интеграциялануына ықпал етеді және үйлесімді да­муы­на жағдай жасайды. Бо­ла­шақ­та осы мамандықты да­мы­та отырып, дәрігерлер, пе­дагогтар мен психологтар ара­сындағы өзара іс-қимыл бел­сенді жүзеге асып, әр ба­ланың дамуына бағытталған ин­клюзивті оқытудың тиімді жүйесін құруда үлкен септігін тигізеді.

 Анар МҰҚАШЕВА,

педагогика ғылымының докторы

Әсел ДАРХАН,

«Инклюзивті білім беруді

медициналық-педагогикалық сүйемелдеу» оқу бағдарламасының

2-курс магистранты