Орхон бағдарламасы аясындағы сапар: Тұрақты даму іс жүзіндеFarabi University

51

Орхон бағдарламасы аясындағы сапар: Тұрақты даму іс жүзінде

3 мамыр, 2025

2025 жылдың 28 сәуірі мен 3 мамыры аралығында «Орхун процесі» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы Камиля Абдыманапқызы Кельгенбаеваны қабылдады. Ол — Қырғызстан Халықаралық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының міндетін атқарушы доценті, сондай-ақ Орталық Азиядағы Американ университеті жанындағы Инновациялық колледждің доценті.

 

Сапар барысында Камиля Абдыманапқызы Орталық Азиядағы жер және су ресурстарын тұрақты басқару тақырыбында эколог-студенттерге дәрістер оқыды. Сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы мазмұнды ақпарат алмасу өтті.
Қонағымыз PhD докторлық диссертацияларын қорғау тәжірибесімен танысып, әл-Фараби кітапханасын, География және табиғатты пайдалану факультетінің зертханаларын аралап, кафедра жүргізіп жатқан ғылыми жобалармен танысты.

Кездесулер нәтижесінде Erasmus+ бағдарламасы аясында бірлескен жоба ұсынуға уағдаластыққа қол жеткізілді.

Мұндай кездесулер түркі әлемі университеттері арасындағы халықаралық академиялық байланыстарды нығайтып, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Камиля Абдыманапқызына шынайы алғыс білдіреміз және табысты серіктестіктің жалғасуына үміттенеміз!