ТДМ-10: «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогының тұсаукесеріне арналған шығармашылық әдеби басқосуFarabi University

51

ТДМ-10: «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогының тұсаукесеріне арналған шығармашылық әдеби басқосу

30 сәуір, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығының қатысуымен Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында Әзілхан Нұршаиховтың Брайль қарпінде (нүктелі-бедерлі шрифтімен) шығарылған «Ақиқат пен аңыз» атты роман-диалогының тұсау кесері өтті. Шара Ұлы отан соғысының 80-жылдығына арналды.  

Мақсаты: Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау арқылы оқырмандардың, әсіресе көру қабілеті шектеулі жандардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру және оларды рухани байытатын, тәрбиелік мәні зор көркем туындылармен таныстыру. Әдебиет арқылы адамгершілікке, патриотизмге, махаббат пен мейірімге тәрбиелеу. Брайль қарпіндегі және дыбысталған кітаптарға қолжетімділікті арттыру арқылы ерекше қажеттілігі бар жандардың кітап оқуға деген ынтасын ояту, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және қоғам өміріне белсенді араласуына ықпал ету. Инклюзивті білім мен мәдени кеңістікті қалыптастыру, кітапханалар мен мәдени мекемелерде тең мүмкіндіктер ұсынуға бағытталған жұмыстарды жүйелеу. Сонымен қатар, оқырмандар арасында жазушы шығармаларын оқу арқылы пікір алмасу мәдениетін қалыптастырып, әдеби таным көкжиегін кеңейту.

Іс-шараның басында кітапхана директоры Асхат Байұзақов сөз сөйлеп, жиналғандарды жылы лебізімен қарсы алды. Ол жазушы Әзілхан Нұршайықовтың қазақ әдебиетіндегі орны мен шығармашылығының тәрбиелік мәніне тоқталып өтті. Сонымен қатар, іс-шараның көру қабілеті шектеулі жандарға бағытталған ерекше мазмұнына назар аударып, инклюзивті әдеби орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Асхат Байұзақов кітапхана ұжымы атынан келген қонақтарға алғысын білдіріп, мұндай мәдени шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты. Ол қатысушыларды таныстырып, әрқайсысының бұл шараға қосып жатқан үлесін ерекше атап өтті.