- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ-4: «Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы» атты ашық дәріс сабағы және «Дулат Бабатайұлы өлеңдеріндегі замана күйі. Дастандары» атты ашық семинар сабағы өткізілді
ТДМ-4: «Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы» атты ашық дәріс сабағы және «Дулат Бабатайұлы өлеңдеріндегі замана күйі. Дастандары» атты ашық семинар сабағы өткізілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2025 жылдың 28 ақпан күні ТДМ-4 «Сапалы білім» бағыты аясында «XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті» пәнінен ұйымдастырылған «Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы» атты ашық дәріс сабағы және «Дулат Бабатайұлы өлеңдеріндегі замана күйі. Дастандары» атты ашық семинар сабағы жоғары деңгейде өтті.
Аталмыш іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы П.К. Бисенбаев, ф.ғ.д., аға оқытушы Г.Ж. Болатова, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, пед.ғ.к. Б.И. Иманбекова, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессор м.а., психол.ғ.к. Н.С.Жұбаназарованың жетекшілігімен «7М02313 – Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Г. Берікқызы ұйымдастырды.
Ашық дәріс пен семинар барысында магистрант Дулат Бабатайұлы шығармаларындағы замана шындығы, ел мен жер тағдырына қатысты толғамдар, ақын поэзиясындағы азаматтық үн мен публицистикалық сарынға ерекше назар аударды. Сонымен қатар ақын дастандарындағы тарихи дерек пен көркемдік қиялдың үйлесімі, эпикалық кеңістік пен кейіпкерлер жүйесі ғылыми тұрғыда талданды. Семинар сабағында студенттер ақын өлеңдері мен дастандарына тақырыптық-идеялық талдау жасап, көркемдік-стильдік ерекшеліктеріне назар аударды. Топтық жұмыс, пікірталас, шығармашылық тапсырмалар арқылы Дулат Бабатайұлы поэзиясындағы отарлық кезең шындығына қатысты өз көзқарастарын дәлелдеді. Семинар сабағы дискуссиялық сипатта өтті. Магистрант пен студенттер арасындағы өзара қарым-қатынас ғылыми диалог негізінде құрылды. Сабақ соңында студенттер Дулат Бабатайұлы шығармашылығының қазіргі әдебиеттанудағы орны туралы пікірлерін ортаға салып, қазақ әдебиетін тарихи-көркемдік тұрғыда зерделеудің маңызын атап өтті.
Ашық дәріс пен семинар сабағы – студенттердің аналитикалық ойлау қабілетін дамытып, ТДМ-4 «Сапалы білім» бағытына сәйкес сапалы білім беру процесін мазмұнды және тиімді жүзеге асыруға септігін тигізді.
Басқа жаңалықтар

