
2025 жылдың 8 сәуірінде 4-ТДМ «Сапалы білім» аясында «Қазақстанның әдебиеті мен өнері» тақырыбында әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дың қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының философия ғылымының кандидаты, аға оқытушы тің ұйымдастыруы мен 1 курс магистранты Байбатырова Арайлым ашық семинар сабағын өтті.
Аталмыш іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушылары, ф.ғ.к. Р.С. Имаханбет, ф.ғ.д. Г.Ж. Болатова, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, пед.ғ.к. Б.И. Иманбекова, сондай-ақ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры м.а., психол.ғ.к. Н.С. Жұбаназарованың жетекшілігімен «7M01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Байбатырова А.М. ұйымдастырды.
Ашық дәріс пен семинар сабағының басты мақсаты – қазақ әдебиеті мен ұлттық өнердің тамыры бір, рухы ортақ құндылықтар екенін тереңінен таныту. Өнердің бастауы – сөз, ал сөз өнерінің түп қазығы – әдебиет екендігін дәлелді түрде көрсетіп, әдебиеттен нәр алған өнер туындыларына шолу жасау арқылы жас ұрпақты рухани мұрамен таныстыру болды.
Дәріс барысында әдебиет пен өнердің өзара байланысы кеңінен талқыланып, әдеби шығармалар негізінде дүниеге келген бейнелеу, музыка, театр мен кино өнерінің үздік үлгілері көрсетілді. Тың деректер мен шағын видеожазбалар арқылы көрермендер әдебиеттің өнерге тигізген әсері мен оның қоғамға берер рухани пайдасына терең бойлады.
Семинар сабағында студенттер әдеби туындыларды талдаумен ғана шектелмей, сонымен қатар рөлдік және топтық ойындарды тиімді пайдалана отырып, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсете білді. Семинар сабағының ерекшелігі – оқытушы мен студент арасындағы еркін пікір алмасуға, диалогтік қарым-қатынасқа, сондай-ақ шығармашылық ойлау мен талдауға негізделуі болды. Студенттер қазақ әдебиеті мен өнерінің терең тамырын, ұлттық болмысымызды айқындайтын рухани құндылықтар жүйесін жаңаша пайымдауға тырысты.
Сабақ соңында студенттер қазақ әдебиеті мен өнерінің өзара байланысын аша отырып, ұлттық мұраның болашақ ұрпақ үшін маңыздылығын айқындай білді. Белсенділік пен шығармашылық ізденіс танытқан жастардың жұмысы — сапалы білім берудің және ұрпақ санасына ұлттық рухты сіңірудің нақты нәтижесі болды.
Басқа жаңалықтар

