Заң не дейді: саясаттану студенттері прокуратура өкілдерімен кездесті

Тұрақты даму мақсаттары №16 «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы 2024 жылғы 20 қарашада «Саясаттану» мамандығының студенттеріне арналған көшбасшылық дәріс ұйымдастырды. Дәріске Алматы қаласы Бостандық ауданы прокуратурасының қызметкерлері – Махсут Магжан және Айгерім Жамантаевна Бейсенбаева қатысты.
Кездесу барысында прокуратура өкілдері елдегі нашақорлық жағдайына тоқталып, оның мемлекет басшылары мен қоғам тарапынан үлкен алаңдаушылық тудыратынын атап өтті. Бүгінде есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы кең таралған мәселе болып отыр, әсіресе жастар арасында.
Кездесу барысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған қолданыстағы заңнаманы түсіндіретін бейнеролик көрсетілді. Қатысушылар студент жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында осы бейнероликті кеңінен тарату қажеттігі жөнінде қорытынды жасады.
Басқа жаңалықтар

