«Сапалы білім» ТДМ-ы аясында қытайтану кафедрасы ғылыми семинар өткізді

2024 жылдың 19 қараша күні Қытайтану кафедрасында «Қытайдың «жұмсақ күш» саясатының ерекшелігі және басты бағыттары» атты ғылыми семинар өтті. Семинарға кафедраның оқытушылары, докторанттар мен магистранттар және студенттер қатысты. Семинарды жүргізген Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Керімбаев Ержан Әбдірайымұлы Қытайдың жаһандану жағдайында әлемдік ықпалдастыққа белсенді қатысуы, оның халықаралық деңгейде жүргізіп отырған қытай тілі мен мәдениетін әлемге тарату саясаты туралы баяндады. Сондай-ақ, ол Қытайдың дүние жүзінің көптеген елдерінде құрып жатқан Конфуций институттарының мәніне тоқталып, оның стратегиялық маңызын сараптады. Қытай тілі мен мәдениетінің әлемге тез таралуын Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуымен және халықаралық қатынастардағы маңызының артуымен байланыстырып түсіндірді. Керімбаев Ержан семинар соңынан қойылған сұрақтарға жан-жақты және тұшымды жауап берді.
Басқа жаңалықтар

