- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мақсаттары жобасының «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» пункті аясында «Экологиялық іздер: біздің іс-әрекеттеріміздің планетаға әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Тұрақты даму мақсаттары жобасының «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» пункті аясында «Экологиялық іздер: біздің іс-әрекеттеріміздің планетаға әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

01.11.24 күні Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының эдвайзері А. Е. Жумадилованың жетекшілігімен «Шығыстану» мамандығының араб бөлімінің 3 курс студенттері, «Екі шет тілі: араб тілі-ағылшын тілі», «Екі шет тілі: ағылшын тілі-араб тілі» мамандықтарының «Нұр-Мүбарак» Египет мәдениеті университетінің 4 курс практиканттарымен бірлесіп, тұрақты даму мақсаттары жобасының «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» пункті шеңберінде «Экологиялық іздер: біздің іс-әрекеттеріміздің планетаға әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде көлік, энергияны тұтыну, су, тамақ өндірісі, көмірқышқыл газының шығарындылары, пластмассаны пайдалану және т.б. сияқты адам тіршілігінің экологиялық іздерінің негізгі түрлері қарастырылды, сондай-ақ олардың қоршаған ортаға әсерін азайту шаралары талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар «Сіз қаншалықты экологияны сақтайсыз?» сауалнамасын толтыру арқылы өздерінің экологиялық жауапкершілік деңгейін біліп, алған білімдерін Kahoot платформасындағы ойындарда тексерді. Дөңгелек үстел араб және ағылшын тілдерінде өткізілді. Оған сондай-ақ арабистика бөлімінің басшысы Хаван А. және 1 курс арабист студенттері қатысты.
Басқа жаңалықтар

