Шығыстану факультеті «Тұрақты даму үшін серіктестік» ТДМ-ы аясында Германия және Малайзия университеттерімен ынтымақтастық көкжиегін кеңейтудеFarabi University

51

Шығыстану факультеті «Тұрақты даму үшін серіктестік» ТДМ-ы аясында Германия және Малайзия университеттерімен ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде

4 қараша, 2024

«Кампус ішіндегі кампусы» кезекті жиналыстың қатысушылары Малайзия Технологиялық Университетінің өкілдері Рошафима Бинти Расит Али мен Сиарифах Зюрина Нордин Шығыстану факультетіндегі кездесуде болды. Қонақтар Малайзия Технологиялық Университетінде шетел тілдері факультетін ашу жоспарланып отырғанын ескере отырып, «6B02207-Шығыстану» мамандығы бойынша екі дипломды бағдарламаларды қоса алғанда, бірлескен білім беру бағдарламаларын құруға ниет білдірді.

Факультет деканы Ем Н.Б. факультеттің қазіргі екі дипломды бағдарламаларын таныстырып, академиялық алмасуды және Малайзия университетімен кәсіби байланыстарды нығайтуды қамтамасыз ете алатын әлеуетті серіктестік салаларын атап өтті.

Сондай-ақ, Германияның  Рур университетінің халықаралық ынтымақтастық департаменті директоры Рэндольф Галламен келіссөздер жүргізілді. Факультет деканы Ем Н.Б. Шығыстану факультетінің ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде ағылшын тілінде оқытылатын негізгі пәндерді атап өтті. Рэндольф Галла осы тәсілге қызығушылық танытып, бірлескен оқу курстарын және бағдарламаларды ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Ол факультеттің қысқы және жазғы мектептерді ұйымдастыру тәжірибесіне де қызығушылық танытып, студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильдігі мен кәсіби дамуын қолдауға бағытталған тығыз ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Декан Шығыстану факультеті Жапония мен Кореядан келген студенттер үшін белсенді түрде қысқы және жазғы мектептер ұйымдастыратынын атап өтті. Ол осы мектептердің екіжақты ынтымақтастықтың бастамасы болып табылатынын, студенттерге тәжірибе және мәдени білім алмасу үшін бірегей мүмкіндіктер беретінін, сондай-ақ, болашақ халықаралық бағдарламалардың негізін қалайтынын атап өтті.