- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасында «Таза су және санитария» ТДМ аясында су ресурстарын сақтау тақырыбына арналған кездесу өтті
Қытайтану кафедрасында «Таза су және санитария» ТДМ аясында су ресурстарын сақтау тақырыбына арналған кездесу өтті
2024 жылдың 31 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қытайтану кафедрасында «Таза су және санитария» ТДМ шеңберінде эдвайзерлер Абдраев Н.К. және Серикканова А.Ж. «Суды үнемдеңіз - табиғатты аялай біліңіз!» тақырыбында 1 курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттер су ресурстарының жай-күйінің әлемдік статистикасымен танысып, күнделікті өмірде суды үнемдеу жөніндегі идеяларымен бөлісті.
Су - өмір көзі, әркім оған ұқыпты қарауы керек. Кездесу барысында тұрмыста су тұтынуды қысқартудың практикалық тәсілдері және жастар арасында су үнемдеу проблемасына назар аудару әдістері талқыланды. Ұйымдастырушылар бұл бастаманың маңыздылығын атап өтіп, студенттерге өз жатақханалары мен факультетте де осындай іс-шаралар өткізуді ұсынды.
Басқа жаңалықтар

