- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ғалым, кәсіпкер Диас Тастанбеков «Қазақстандағы ғылым және бизнес» тақырыбында ашық дәріс оқыды
Ғалым, кәсіпкер Диас Тастанбеков «Қазақстандағы ғылым және бизнес» тақырыбында ашық дәріс оқыды
(Американдық химиялық инженерлер институты) студенттік ұйымы өз саласының ірі сарапшыларын дәріс оқуға шақыра отырып, көпшілікке ашық маңызды әлеуметтік мәселелер бойынша танымдық және ынталандырушы лекцияларды жүйелі түрде ұйымдастырады.
10 қазанда биология факультетінің 435 аудиториясында AIChE KazNU студенттік ұйымы "Қазақстандағы ғылым және бизнес" тақырыбында дәріс ұйымдастырды. Дәрісті химик-ғалым, PhD кандидаты, "Болашақ" бағдарламасының түлегі, кәсіпкер және "afs.kz"БАД өндірушісі Диас Тастанбеков жүргізді. Диас Тастанбеков Франция, Ұлыбритания, Германия және АҚШ елдерінде тағылымдамадан өту тәжірибесі бар, агротехнология және медицина салаларында инновациялық жобалардың авторы.
Дәріске Қазақстандағы ғылым мен бизнесті қалай біріктіруге болатынын білу үшін түрлі мамандықтар мен курстардың студенттері жиналды. Дәріскер ғылыми технологияларды коммерцияландыру тәжірибесі, стартаптардың қателіктері мен жетістіктері, сондай-ақ жас ғалымдар мен кәсіпкерлер үшін келешегі бар бағыттар туралы айтып берді. Диас Тастанбеков ауаны тазарту, медицина және агротехнология салаларында инновациялық шешімдері бар өз жобаларының мысалдарымен бөлісті.
Дәрістегі ақпарат қатысқандар арасында қызығушылық тудырып, студенттерге Қазақстандағы бизнес саласына ғылыми инновацияларды енгізу туралы білуге мүмкіндік берді.
Гаухар Датхабаева,
Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы
#SDG
#SDG1
#SDG1.3.3
#SDG1.4.2
#SDG1.4.3
#SDG3
Басқа жаңалықтар

