«Аштыққа қарсы күрестегі биотехнологиялық стратегиялар" атты дөңгелек үстел

2024 жылғы 22 қазан, 13.00-де 214 ауд. ТДМ 2 "Аштықты жою" аясында «Аштыққа қарсы күрестегі биотехнологиялық стратегиялар" атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Аштықты жою мәселесін және инновациялық технологияларды пайдалана отырып, азық-түлікпен қамтамасыз етудегі биотехнологтардың рөлін талқылау.
Студенттер презентация дайындады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық модификациясы, азық-түлік өндірісінің тиімділігін арттыру үшін биотехнологиялар, биотыңайтқыштар мен биопестицидтерді пайдалану, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу үшін жаңа ферменттік препараттарды әзірлеу, ауыл шаруашылығы жануарларының жоғары өнімді тұқымдарын, жасанды азық-түлікті жасау, аквакультура саласындағы биотехнология, өнімділігі жоғары балықтар мен теңіз өнімдерінің жаңа түрлерін өсіру, балық, теңіз омыртқасыздарды және жасанды жағдайда өсіру технологияларын әзірлеу, азық-түліктің тағамдық құндылығы мен сақталуын арттыруға арналған биотехнологиялар, бактериялық дақылдарды азық-түлікті ашыту үшін пайдалану, сақтау мерзімін ұзарту үшін биоконсервация әдістерін енгізу.
Осы биотехнологиялық стратегияларды басқа шаралармен бірге іске асыру азық түлік қауіпсіздігін арттыруға және халық үшін неғұрлым қолжетімді және сапалы тамақтануды қамтамасыз етуге ықпал етуі мүмкін деген қорытындыға келді.
Қаулы: Студенттер ТДМ 2 "Аштықты жою" іске асыруда азық-түлік бағдарламасының шешімін өз үлестеріне қосады.
Басқа жаңалықтар

