- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫ «САПАЛЫ БІЛІМ» ТДМ АЯСЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ЖИ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫ «САПАЛЫ БІЛІМ» ТДМ АЯСЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ЖИ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
2024 жылдың 21 қазанында қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Нуржаева А.М. кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына (ПОҚ) арналған семинар өткізді. Семинар барысында GPT-чаттың шет тілдерін үйренуде пайдалы бірқатар функциялары таныстырылды. Семинарға қатысушылар GPT-ті интерактивті жаттығулар құрастыру үшін қолданудың мысалдарымен танысты. Атап айтсақ, аударма тапсырмалары, сөздік қорды тексеру тестілері, грамматика мен дұрыс айтылымға арналған жаттығулар. Сонымен қатар, ЖИ көмегімен сөйлесу дағдыларын дамытуға арналған диалогтар жасау және материалдарды студенттердің тілдік деңгейіне бейімдеу жолдары көрсетілді. Одан бөлек, А.Нуржаева қатысушыларға тақырыптық тестілерді автоматты түрде жасау және жауаптарды тексеру мүмкіндіктерін де көрсетті. Жасанды интеллект құралдарының сабақ дайындауға жұмсалатын уақытты қысқартуға және оқыту сапасын жақсартуға қалай ықпал ететініне ерекше назар аударылды. Семинар соңында оқытушы ЖИ құралдары мен дәстүрлі оқыту әдістерін үйлестіру арқылы тиімді нәтижелерге қол жеткізу маңыздылығын атап өтті.
Басқа жаңалықтар

