Халықаралық «Қытай тілі күніне» арналған іс-шара өтті

2023-жылдың 18-сәуір күні ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің атқаруымен 14-ші кезекті халықаралық «Қытай тілі күніне» арналған іс-шара өтті. Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінде өткен іс-шара алдымен дөңгелек стөлден басталды. Үстелдің басына Алматы қаласында қытай тілін оқытып жүрген оқу орындары мен түрлі мекемелердің басшылары мен қытай тілі оқытушылары жиналды. Бұл шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті қытайтану кафедрасынан профессор Нәбижан Мұқаметханұлы, кафедра меңгерушісі Керімбаев Е.Ә., кафедра доценты, Қытайтанушылар ассоциациасының төрағасы Дәуен Д.Б. қатысты. ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулының орынбасары Жуң Хуа ханым мен Халықаралық қазақ-қытай тілі колледжінің диркторы Талғат Мамырұлының құттықтау сөзінен кейін, оқытушылар еліміздегі қытай тілін оқыту, үйретудің жай-жапсары мен мәселелері туралы түрлі ойлар мен пікірлер айтты. Қордаланған біраз мәселелелерді болашақта бірлесіп шешуге және еліміздегі қытай тілін оқыту ісін мұнан да ары дамытуға, алға жылжытуға келісті. Жиынның соңы Қытайдың дәстүрлі каллиграфия және қағаздан өрнектер қию өнерінің көрмесі мен шеберлік сабағына ұласты. Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің талантты студенттері келген қонақтарға кішігірім концерттік бағдарлама қойып берді.
Басқа жаңалықтар


