Шығыстану факультетінде Жапонтану апталығы басталдыFarabi University

51

Шығыстану факультетінде Жапонтану апталығы басталды

21 ақпан, 2023

     Жапонтану апталығының мақсаты студенттердің теория жүзінде алған білімдерін, кәсіби біліктіліктерін тәжірибеде қолданып, ұстартуға мүмкіндік беру. Бір апта бойы студенттер әртүрлі тақырыпта өткізілетін іс-шараларға, Қазақстанға Жапонияның Токио, София, Васеда Университтерінен келген студенттермен бірлесіп Жапондық студенттермен бірлесіп өткізілетін студенттік форум мен симпозиумдарға қатысады. Жапондық студенттер Жапонияның «Шәй ішу рәсімін» көрсетіп, Жапонияның тағамдарының жасалу жолдарын түсіндіреді.

     Қазақстанның көрнекті жерлерін таныстыру мақсатында Жапондық студенттерді Шарын шатқалына апарып, Қазақстанның ұлттық өнерін дәріптеу мақсатында біздің студенттер жапондық студенттерге арнап қазақтың ұлттық өнер түрлерін көрсететін шағын концерттік бағдарлама ұсынады.

     Осы апталық аралығында студенттер жапон тарихымен, салт-дәстүрімен т.б. Жапонияның мәдени аспектілерімен таныса алады. Жапонияға қатысты, Жапонияда білім алу мен Қазақстан мен Жапония арасындағы халықаралық қатынастар туралы сұрақтарына нақты жауаптар ала алады.