Шығыстану факультеті оқытушылары Иран Ислам Республикасы Бас консулдығы ұйымдастырған шараға қатыстыFarabi University

51

Шығыстану факультеті оқытушылары Иран Ислам Республикасы Бас консулдығы ұйымдастырған шараға қатысты

16 ақпан, 2023

Шығыстану факультетінің деканы Н.Б. Ем, деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ү.Ә. Әмірбекова және ирантану бөлімінің оқытушылары 13 ақпанда Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы Ислам Революциясы жеңісінің 44 жылдығы мен Иранның ұлттық күніне орай ұйымдастырған іс-шараға қатысты. Шығыстану факультеті мен Иранның Алматы қаласындағы Бас Консулдығы арасында тығыз әріптестік қарым-қатынастар орнаған. Бас консулдық факультеттегі әртүрлі бірлескен мәдени шараларға белсене атсалысып келеді. Салтанатты шарада Бас консул Фағани мырза сөз сөйлеп, Иран мемлекетінің тарихы, жеткен жетістіктері туралы сөз сөйледі. Қазақстан үкіметі тарапынан Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігі өкілдігінің басшысы Б.Е. Бөлегенов құттықтау сөз сөйлеп, екі ел арасындағы ынтымақтастық, мәдени-экономикалық байланыстар туралы айтты. Кеште Иранның туристік әлеуеті мен экономикалық мүмкіндіктері туралы қысқаша фильмдер көрсетіліп, қонақтар Иранның қолөнер бұйымдары мен Қазақстанға экспортталатын тауарларының шағын көрмесін тамашалады.