ылыми кітапхана директорымен кездесуFarabi University

51

ылыми кітапхана директорымен кездесу

8 ақпан, 2023

2023 жылдың 7 ақпан күні шығыстану факультетінің ұжымы әл-Фараби кітапханасының директоры Сикинбаева Акбопе Бердиевнамен және кітапхана өкілдерімен кездесті.

Акбопе Бердиевна әл-Фараби кітапханасының құрылымы, кітапхана қоры, кітапхананың мүмкіндіктері, әртүрлі халықыралық деңгейдегі базалардың мүмкіндіктері, электрондық базамен қалай жұмыс істеуге болатындығы, УМКД-ға әдебиеттерді қалай ілу қажеттігі, қандай электрондық базалармен ҚазҰУ-дың келісімі бар екендігі, әдебиетпен қамтамасыз ету ерекшеліктері, туралы тартымды әңгімелеп берді. Факультет оытушылары өз кезегінде кітапханаға байланысты, электрондық кітапхананы пайдалану туралы сұрақтарын қойып, факультетіміздің кітаппен қамтамасыз етудегі ерекшеліктері туралы ойларымен бөлісіп, сауалдарына тұщымды жауап алды.

Сондай-ақ, кітапхана директоры Scopus, Web of Science сынды реферативті мәліметтер базасын қалай пайдалануға болатындығы, маңызды ғылыми журналдар базасынан алынып тасталған журналдарды қалай алдын-ала білуге болатындығы туралы қажетті ақпаратпен бөлісті. Академиялық адалдық, плагиаттың түрлері, мәтіндердің сапасы мен бірегейлігін тексеретін Turnitin бағдарламасы, диссертациялардың плагиаты, дәйексөз алу туралы көп мәлімет берді.

Болашақта магистранттар мен докторанттарға арналған ғылыми семинарлар, кітап көрмелерін ұйымдастыру, кітапхана комитетін құру сынды жұмыстар жасау бойынша ұсыныстар жасалды.

Кездесу соңында факультет деканы Ем Н.Б. сөз алып, келген қонақтарға факультет атынан алғысын білдірді.