- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қысқы мектеп бағдарламасы бойынша Қазақстанға оқуға келген жапон студенттерімен танысу
Қысқы мектеп бағдарламасы бойынша Қазақстанға оқуға келген жапон студенттерімен танысу

06.02.2023 ж. сағат 13.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде аға оқытушылар С.К. Боранкулова және Ә.М. Нурелованың жетекшілігімен жақында күншығыс елінен Алматы қаласына қысқы мектеп бағдарламасы негізінде келген жапон университеттерінің студенттерімен танысуға бағытталған арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Шығыстану факультетіне қысқы мектеп бағдарламасы аясында Жапонияның ең ірі жоғары оқу орындары – София университеті мен Токио шет тілдері университетінен 30-ға жуық білім алушы келді. Іс-шара жоспарына сәйкес, алдымен шетелдік студенттер үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламадан кейін фуршет ұйымдастырылып, онда жергілікті және шетелдік студенттер бір-бірмен жақынырақ танысып, қатысушылар еркін жағдайда емен-жарқынңгімелесуге мүмкіндік алды. Кездесудің соңында іс-шара қатысушылары деканның міндетін атқарушы Ем Н.Б. және Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамымен естелік суретке түсті. Естеріңізге сала кетсек, осыдан соң жапондық студенттер шығыстану факультетінде қысқы мектеп бағдарламасы аясында жергілікті оқытушылардан білім алып, үш апталық оқудан өте бастайды.
Аға оқытушы Тазабекова Г.Б.
Басқа жаңалықтар

