
"Білім керуені" жобасы аясындағы қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстары қызу жүріп жатыр. Ақсай қаласы мен Бөрлі ауданының бірқатар елді мекендерінде ұйымдастырылған бұл курстар тыңдаушыларға тек теориялық білім ғана емес, нақты тілдік дағдыларды меңгеруге арналған практикалық сабақтармен ерекшеленеді.
Сабақтар барысында оқытушылар әртүрлі жаттығулар, рөлдік ойындар, әндер арқылы тіл үйренуді қызықты әрі тиімді етуге тырысуда. Практикалық тапсырмалар қатысушылардың күнделікті қарым-қатынаста қолдана алатын тіркестер мен сөздік қорын байытуға бағытталған.
Курстың басты мақсаты — қатысушылардың тілдік құзыреттілігін арттырып, қоғаммен байланыс орнатуына жол ашу. Ашық сабақтар мен практикалық бөлімдер тыңдаушылардың сенімділігін арттырып, тіл үйренуге деген ынтасын оятуда.
Басқа жаңалықтар


