Кеңтүбек ауылында қазақ тілі курсы өтудеFarabi University

51

Кеңтүбек ауылында қазақ тілі курсы өтуде

1 тамыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты ұйымдастырған қазақ тілі курстары Кеңтүбек ауылында сәтті бастау алды. Бұл курс – тілдік дағдыларды арттыруға, мемлекеттік тілді меңгеруге ынталы азаматтарға үлкен мүмкіндік.

Курсқа түрлі сала мамандары, ауыл тұрғындары мен мұғалімдер қатысуда. Сабақтар интерактивті форматта, заманауи әдістемелер мен технологияларды пайдалану арқылы жүргізілуде. Тілді күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас деңгейінде ғана емес, кәсіби және ресми деңгейде де қолдануға дағдыландыру – негізгі мақсаттардың бірі.

Білім алушылар үшін тіл үйрену процесі қызықты әрі мазмұнды өтіп жатыр. Сабақ барысында ойын түріндегі тапсырмалар, жұптық және топтық жұмыс, пікірталастар мен тілдік тренингтер ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, музыка арқылы тіл үйрену, ашық аспан астында сабақтар өткізу сынды креативті тәсілдер курсқа ерекше серпін берді.

Бүгінгі таңда тіл саясатының маңызды бағыттарының бірі – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту. Кеңтүбек ауылындағы бұл бастама – ел ішіндегі тілдік білім беру ісінің нақты әрі тиімді үлгісі.