Ректор Көз аурулары Қазақ ҒЗИ бас директорымен кездестіFarabi University

51

Ректор Көз аурулары Қазақ ҒЗИ бас директорымен кездесті

21 мамыр, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Көз аурулары Қазақ ҒЗИ бас директоры, медицина ғылымының докторы, жоғары дәрежелі дәрігер Нейля Алдашевамен кездесті.

Тараптар медицина және денсаулық сақтау саласы бойынша әріптестік байланыстың келешегін талқылап, өзара пікір алмасты.

Айта кетейік, ҚазҰУ мен Көз аурулары Қазақ ғылыми-зерттеу институты өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойған болатын. Келісім аясында қос тарап студенттердің тәжірибелік біліктіліктерін арттыруда, ортақ конференциялар мен форумдар өткізуде, ғылыми зерттеулер жүргізуде бірлесіп жұмыс істейді.

Жүздесуде оқу ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев университет пен институт арасында жасалған келісім болашақта ауқымды жобаларды жүзеге асыруға мол мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар ректор Көз аурулары Қазақ ҒЗИ-да жұмыс істейтін білімді және тәжірибелі мамандарды білім ордасында дәріс оқуға шақырды.

Өз кезегінде Көз аурулары Қазақ ҒЗИ бас директоры Нейля Алдашева университет ғалымдарымен пікір алмасып, алдағы уақытта екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелі боларына сенім білдіріп, серіктестікті одан әрі арттыруға бағытталған барлық бастамаларды қолдайтынын айтты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі