ҚазҰУ-дың төрт стартап жобасы ғылыми көрмеге қатыстыFarabi University

51

ҚазҰУ-дың төрт стартап жобасы ғылыми көрмеге қатысты

21 мамыр, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас ғалымдары әзірлеген төрт стартап жоба Алматы қаласындағы «Бос орындар жәрмеңкесі – 2025» іс-шарасы шеңберінде ұйымдастырылған стартап жобалар көрмесіне қойылды.

Шараның мақсаты – келушілер назарына медицина, денсаулық сақтау, биотехнология, фармацевтика салаларындағы студенттердің инновациялық әзірлемелері мен ғылыми-тәжірибелік шешімдерін ұсыну.

Көрме барысында ғалымдар денсаулық сақтау жүйесіне енгізуге және іске асыруға дайын үздік жобаларын, зерттеулерін және технологиялық идеяларын таныстырды.

ҚазҰУ-дың жас ғалымы Валерия Волкова көрме барысында «Alphamind» атты сөйлеу және когнитивті кемістігі бар балаларды түзетуге арналған цифрлық нейроплатформасын көрсетті.

Өз кезегінде Ясмина Ульфанова «Отандық өсімдік шикізатынан антиоксиданттық қасиеттері бар кремді әзірлеу» жобасын таныстырды.

Сондай-ақ оқу ордасының жас зерттеушісі Айтқазин Мұхамеджан  жүрек соғу жиілігін және тыныс алу параметрлерін өлшеу мен талдау бағытында жүзеге асырып жатқан жобасын, ал Амал Абдулазиз дұрыс тамақтануға арналған стартап жобасын ұсынды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі