"Бір шаңырақ астында" – бірлік пен достық мерекесіFarabi University

51

"Бір шаңырақ астында" – бірлік пен достық мерекесі

30 сәуір, 2025

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде “Бір шаңырақ астында” атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында әр кафедра түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын және өнерін таныстырды. Бұл арқылы көпұлтты еліміздің бай рухани мұрасы мен татулығы паш етілді.

Іс-шараның басты мақсаты — ұлтаралық келісім мен мәдени әртүрлілікті дәріптеу арқылы жастардың төзімділік, сыйластық және бірлік құндылықтарын нығайту.

Бұл мереке дәстүрлі іс-шарадан бөлек, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі — №16 “Тыныштық, әділеттік және тиімді институттар” мақсатына сай келеді. Яғни, бейбіт қоғам құру, инклюзивтілік пен келісімді арттыруға бағытталған.

Көрермендер ұлттық би, ән мен күйден ләззат алып, түрлі ұлттардың тағамдарынан ауыз тиіп, халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністіктің дәмін сезінді.

Іс-шара факультетіміздің оқу, әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Шәкен Айман Шәкенқызының бастамасымен ұйымдастырылды.