ХVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасыFarabi University

51

ХVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы

24 сәуір, 2025

2025 жылдың 24 сәуірінде  «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ 6В03201 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің ХVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасына өткізді.

Мақсаты: студенттердің кәсіби білімін тереңдетуге, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіруге, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамытуға, ғылыми-зерттеу дағдыларын жетілдіру, өз ойын нақты әрі сауатты жеткізе білуге үйрету. Сонымен қатар, білім алушылар арасында салауатты бәсекелестік ортасын қалыптастырып, болашақ кәсіби мамандарды қолдау мен ынталандыруды көздейді. Олимпиада – студенттердің тұлғалық және кәсіби дамуына ықпал ететін маңызды алаң болып табылады.

Республикалық деңгейдегі бұл іс-шара студенттер арасында пәнге деген қызығушылықты арттыру мен білім сапасын көтеруге бағытталған.

Олимпиада үш негізгі кезеңнен тұрды:

  1. Таныстыру кезеңі – қатысушы командалар өздерін таныстырып, топтың атауы мен  мақсаттарын креативті түрде ұсынды.
  2. Сұрақ-жауап кезеңі –студенттерге пән бойынша теориялық және ситуациялық сұрақтар қойылып, олардың білімі мен ойлау қабілеті сыналды.
  3. Жобаны қорғау кезеңі – Қатысушылар өздері дайындаған ғылыми жобаларды ұсынып, оларды қорғау барысында өз идеяларын ортаға салып, дайындаған материалдарын қорғады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-тен Тарих факультеті, дүние жүзі тарихы, тарихнана және деректану кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Асанова Баян Сүлейменқызының ғылыми жетекшілігімен «6В03205 – Кітапханалық ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы  бойынша 1-2 курс студенттерінен құралған “LIBNEWAVE” командасы қатысып, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан университеті, Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттер арасынан  жүлделі II  орынды иеленді.

Іс-шараға қатысқан әрбір студент пен ғылыми жетекшілер  арнайы сертификатпен және сыйлықтармен марапатталды.

Олимпиада барысында студенттер белсенділік танытып, жоғары деңгейде білім мен дайындық көрсетті.

Қорыта айтқанда, Республикалық пәндік олимпиада студенттердің теориялық білімдерін тереңдетуге, практикалық дағдыларын жетілдіруге, студенттің өзін-өзі дамытуына, кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ғылыми ізденістерге жол ашуып, тәжірибе алмасуда маңызды рөл атқарады.