- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық ғылыми-практикалық конференция: «Цифрландыру дәуіріндегі гуманитарлық ғылымдар: жасанды интеллект мүмкіндіктері мен шектеулері»
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция: «Цифрландыру дәуіріндегі гуманитарлық ғылымдар: жасанды интеллект мүмкіндіктері мен шектеулері»
.jpg)
2025 жылдың 28 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының 40 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
«Цифрландыру дәуіріндегі гуманитарлық ғылымдар: жасанды интеллект мүмкіндіктері мен шектеулері» атты бұл алқалы жиынның негізгі мақсаты — цифрлық трансформация жағдайында ғылым мен білім беру саласында өзара диалогты дамыту, жасанды интеллекттің гуманитарлық ғылымдардағы ықтимал мүмкіндіктері мен туындайтын қиындықтарын жан-жақты талқылау, сондай-ақ заманауи технологияларды ғылыми және білім беру тәжірибесіне тиімді енгізуге бағытталған практикалық ұсыныстар әзірлеу болды.
Конференцияға Қазақстанмен қатар АҚШ, Франция, Жапония, Түркия, Польша, Украина, Өзбекстан және Әзербайжан сияқты алдыңғы қатарлы елдердің беделді университеттері мен ғылыми ұйымдарынан келген танымал ғалымдар, оқытушылар, зерттеушілер және тәжірибелі мамандар цифрландыру жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелерін талдап, тәжірибе және білім алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Қатысушылар жасанды интеллектке қатысты өздерінің тың ғылыми зерттеулерін бір-бірімен бөлісті. Шара ашық диалог алаңы ретінде заманауи технологияларды оқу процесіне енгізудің жаңа тәсілдерін іздеуге, инновациялық шешімдер ұсынуға ықпал етті. Бұл БҰҰ ұсынған ТДМ 4 сапалы білім беру, яғни білім беру процесіне заманауи технологияларды (жасанды интеллект, цифрлық трансформация) енгізу жолдарын талқылау, білім берудегі инновациялық тәсілдерді дамытуға, сондай-ақ өмір бойы сапалы, инклюзивті және әділ білім беруді қамтамасыз ету мақсатына сай болып отыр.
Басқа жаңалықтар


