Медицина факультетінің түлектері жаңа талапқа сай

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Жалпы медицина» мамандығын тамамдаған үндістандық түлектер Қазақстан мен Орталық Азияның барлық медициналық оқу орындары арасында үздік нәтиже көрсетті.
Үндістанның денсаулық ғылымдары бойынша ұлттық білім кеңесі (NBEMS) шетелдік медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған емтихан (FMGE 2025) қорытындыларын жариялады. Үндістанның болашақ дәрігерлеріне сапалы білім мен жоғары дайындық талабы қойылды. Бұл салада бәсекелестік әрқашан жоғары.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің «Жалпы медицина» мамандығының 2024 жылғы түлектері FMGE 2025 медициналық жоғары оқу орындарының шетелдік түлектеріне арналған емтиханды сәтті тапсырып, кәсіби біліктіліктерін растады. Нәтижесі 51,8 пайызды құрады. Бұл Қазақстан мен Орталық Азияның барлық медициналық оқу орындары арасындағы үздік көрсеткіш.
Аталған жетістік ҚазҰУ-дың медициналық білім беру саласындағы өңірлік көшбасшылығын көрсетеді. Бұл жоғары стандарттар түлектердің мамандықтарын игеруіне, кәсіби өсуі мен дамуына жол ашады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

