- Басты бет
- Жаңалықтар
- Миннесота университетіндегі ұйымдық көшбасшылық және саясатты дамыту тақырыбындағы дәріс
Миннесота университетіндегі ұйымдық көшбасшылық және саясатты дамыту тақырыбындағы дәріс

2025 жылғы 25 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Миннесота университетіндегі ұйымдық көшбасшылық және саясатты дамыту» тақырыбында дәріс өтті.
Іс-шараны Филология факультетінің Түркітану және тіл теориясы кафедрасының докторанттары және Білім беру және зерттеу жөніндегі Британ орталығы ұйымдастырды.
Дәрісті Миннесота университетінің (АҚШ) профессоры, Салыстырмалы және халықаралық білім беру/ STEM білім беру магистратура және докторантура бағдарламаларының директоры доктор Васкар Упадиай Даахаль өткізді.
Дәріс барысында профессор Миннесота университеті мен оның Білім беру және адам дамуы колледжіндегі ұйымдық көшбасшылық пен саясатты дамыту мәселелеріне назар аударды. Ол жоғары білім саласындағы заманауи көшбасшылық үрдістері туралы айтып, басқару тәжірибесімен бөлісті және Миннесота университетіндегі жұмыс тәжірибесінен мысалдар келтірді, бұл қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Сонымен қатар, профессор колледж ұйымдастырған «Білім беру және зерттеу үшін жасанды интеллект құралдары» атты жазғы мектеп туралы айтып өтті. Бұл бағдарлама қатысушылардың цифрлық және зерттеу дағдыларын дамытуға және жасанды интеллектті білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметінде тиімді қолдануға бағытталған.
Іс-шараға университеттің оқытушылары, магистранттар мен докторанттар қатысты. Қатысушылар халықаралық сарапшымен кездесіп, жоғары білім беру саласындағы көшбасшылық пен саясатты дамыту бойынша құнды білім алды.
Ұйымдастырушылар: Филология факультетінің Түркітану және тіл теориясы кафедрасының докторанттары және Білім беру және зерттеу жөніндегі Британ орталығы ұйымдастырды.
Басқа жаңалықтар

