«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ: ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР»

25 сәуір 2025 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасы Заң факультетінің 70 жылдығына және заң ғылымдарының докторы, профессор И.В.Амирханованың ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ: ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияға заңшығарушылы, атқарушы, және сот билігі өкілдері, Қазақстан, Ресей, Германия, Малаазия, Өзбекстан, Қырғызстан ғалым-құқықтанушылар қатысты. Қатысушыларға алғашқы сөзді заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Ш.Дусипов конференция қатысушыларына сәттілік тілей отырып, И.В.Амирханованың ғалым, әріптес ретіндегі ғылыми жолы мен ізденістеріне тоқтатылып, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жолдарына байланысты ұсыныстарын айтты.
З.ғ.к. А.К.Динанов И.В.Амирхановамен бірге қызмет еткенін және ғалымның ғылыми еңбектерінің маңыздылығын атап өтті және И.В.Амирханованың еңбектерін ізденушілерге, студенттерге маңыздылығын жоғалтпаған құнды ғылыми еңбектер ретінде бағалайтындығын атап өтті.
Тақырып аясында шетелдік ғалымдар Ханс-Йоахим Шрамм, Mohammad Ershadul Karim, Димитри Олейник, Андреас Штайнингер, Эрболот Иманкулов, отандық ғалымдар М.М. Есиркепова және кафедра меңгерушісі з.ғ.д., профессор С.Ж.Сулейменова, кафедра ғалымдары жасанды интеллектінің құқықтық мәселелері туралы ой бөлісті.
Конференцияда бірнеше өзекті мәселелер қозғалды: жасанды интеллект қызметін құқықтық реттеудегі халықаралық тәжірибе, ЕО аясында жасанды интеллектіні реттеу, әртүрлі құқық жүйелеріндегі жасанды интеллектіні құқықтық реттеу және басқару аясындағы басқару алгоритмі, мемлекеттік басқаруды цифрландыру, жасанды интеллектінің қолдану мүмкіндігі және т.б. өзекті мәселелер талқыланды. Конференция жұмысы аясында жасанды интеллект қызметін құқықтық реттеу мәселесіне қатысты жаңа ұсыныстар жасалды. Халықаралық конференция ғылыми пікірталас алаңы ғана емес, Қазақстанның тұрақты дамуына үлес қосты деп санаймыз. Кафедра өзекті мәселелерді ғылыми ортада талдау, пікірталас орнатуға белсенді қатысушы ретінде тиімді институттардың қалыптасуына үлес қосатындығын көрсете білді. Модератор з.ғ.к., доцент Г.Б.Мұқалдиева пікірталас алаңында әріптестік танытқаны үшін қатысушыларға рахметін білдіре отырып, конференция жұмысын қорытындылады.
Басқа жаңалықтар


