ТДМ-4: «Абай жырлары және поэтика» атты ашық дәріс пен семинар сабағы өткізілдіFarabi University

51

ТДМ-4: «Абай жырлары және поэтика» атты ашық дәріс пен семинар сабағы өткізілді

24 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2025 жылдың 24 ақпан күні ТДМ-4 «Сапалы білім» тұрақты даму мақсаты аясында «Абай және оның әдеби мектебі» пәнінен ұйымдастырылған «Абай жырлары және поэтика. Қ.Жұмалиев және А.Нұрқатов зерттеулері» атты ашық дәріс сабағы мен «Қ.Жұмалиев және А.Нұрқатов зерттеулеріне тақырыптық-идеялық талдау» тақырыбындағы ашық семинар сабағы жоғары деңгейде өтті.

Аталмыш іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Зинол-Ғабден Қабиұлы мен аға оқытушы, ф.ғ.д. Г.Ж. Болатова, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, пед.ғ.к. Б.И. Иманбекова, сондай-ақ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры м.а., психол.ғ.к. Н.С. Жұбаназарованың жетекшілігімен «7М02313 – Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Асқар Алуа ұйымдастырды.

Ашық дәріс барысында магистрант Абай поэзиясының көркемдік құрылымы мен философиялық тереңдігін таныстырып, Қ.Жұмалиев пен А.Нұрқатов зерттеулеріндегі әдеби-теориялық талдауларға жан-жақты тоқталды. Абай жырларындағы ұлттық болмыс, гуманистік идеялар мен көркемдік ерекшеліктер студенттер назарына ғылыми негізде ұсынылды.

Семинар сабағында студенттер Қ.Жұмалиев пен А.Нұрқатовтың зерттеулері бойынша берілген мәтіндерге тақырыптық-идеялық талдау жасап, шығармашылық тапсырмалар арқылы өз көзқарастарын дәлелдеуге тырысты. Презентация, Padlet. com секілді платформалар және топтық жұмыс түрлері тиімді пайдаланылып, сабақ дискуссиялық сипатта өтті.

Оқытушы мен студент арасындағы өзара қарым-қатынас ғылыми диалог негізінде қалыптасты. Семинар соңында студенттер қазіргі әдебиеттану мен абайтану бағытындағы теориялық ұстанымдарды талдап, Абай шығармаларына қатысты жаңа ойлармен бөлісті.

Ашық дәріс пен семинар сабағы – студенттердің зерттеу дағдыларын жетілдіріп, ТДМ-4 «Сапалы білім» бағытына сәйкес сапалы білім беру ісінің тиімді әрі мазмұнды жүзеге асуына ықпал етті.