- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Нұр-Мүбарак» университетінің докторанттары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Арабтану орталығында ғылыми тәжірибеден өтті
«Нұр-Мүбарак» университетінің докторанттары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Арабтану орталығында ғылыми тәжірибеден өтті

2025 жылғы 18 наурыз бен 22 сәуір аралығында Египет ислам мәдениеті «Нұр-Мүбарак» университетінің Исламтану кафедрасының 1-курс докторанттары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Арабтану орталығында ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өтті. Тәжірибенің басты мақсаты – зерттеу дағдыларын жетілдіру және академиялық тәжірибе алмасу.
Бағдарлама аясында Арабтану орталығының қызметкерлері ғылыми зерттеу әдіснамасына арналған дәрістер мен семинарлар өткізді. Қатысушылар Scopus, Web of Science, Google Scholar сынды халықаралық ғылыми дерекқорлармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеріп, сондай-ақ Mendeley және Zotero секілді библиографиялық менеджерлерді қолдануды үйренді.
Тәжірибе барысында сапалық және сандық әдістер, герменевтика, нарративтік және дискурстық талдау, мәдениетаралық зерттеулер мен ғылыми этика мәселелері кеңінен талқыланды. Бұл тәжірибе докторанттардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, екі оқу орны арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайта түсті.
Арабтану орталығы жас зерттеушілерге алдағы ғылыми қызметтерінде табыс тілейді.
Басқа жаңалықтар


