- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да экотуризм мен табиғатты қорғауға арналған дөңгелек үстел өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да экотуризм мен табиғатты қорғауға арналған дөңгелек үстел өтті
2025 жылғы 25 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Қазақстандағы табиғатты қорғау қызметі және экологиялық «жасыл» туризмді дамыту" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 12, 15 мақсаттары аясында ұйымдастырылды.
Ісшараға Кастамону университеті Туризм факультетінің профессоры, Туризмді басқару кафедрасының меңгерушісі (Түркия) Dr. Kutay Oktay келіп қатысып «Experiences from international exchange programs on sustainable tourism practices in various countries» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар Алматы мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту бөлімінің басшысы Биғазинова Жанерке Жанболатқызы «Алматы қорығы аумағындағы экологиялық соқпақтар» тақырыбында баяндама жасады.
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті Бөрібай Эльмира Сартайқызы «Экотуризм табиғи аймақтарды тұрақты дамытудың құралы ретінде» тақырыбында баяндама жасады.
Іс-шараны Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары Бөрібай Э.С. және Мұқанова Г.А. ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелді шараның маңыздылығын айта отырып кафедра меңгерушісі Базарбаева Т.А. ашып берді. Іс-шараға экология және туризм саласында білім алып жатқан студенттер, профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Бұл іс-шарада Тұрақты дамудың 12, 15 мақсатындағы қарастырылған тұрақты сәулет өнері, ресурсты тиімді пайдалану, тұрақты табиғи ресурс, табиғи ресурстар саясаты, жойылып кету қаупі бар түрлер, жабайы табиғат, өсімдіктерді жинау, жасыл туризм сияқты мәселелер баяндалды.
Іс-шара соңында қатысушылар арасында желілік байланыс (networking) ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу мен болашақ ынтымақтастықтың негізі қаланды.
Бұл дөңгелек үстел халықаралық байланыстарды нығайтуға, жас мамандардың кәсіби көкжиегін кеңейтуге және экологиялық білім беруді ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам болды.
Басқа жаңалықтар

