- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасында «Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылық саласындағы сауда байланыстарының даму болашағы» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.
Қытайтану кафедрасында «Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылық саласындағы сауда байланыстарының даму болашағы» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.

2025 жылғы 24 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасы «Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылық саласындағы сауда байланыстарының даму болашағыі» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шара Қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен 8D02209-Шығыстану мамандығы бойынша 3-курс докторанты Шарыпқазы Нүртәліп ғылыми-зерттеу жұмысы аясында ұйымдастырды.
ылыми семинар барысында келесі мәселелер талқыланды:
- Ауыл шаруашылық саласындағы сауда байланыстарының жалпы жағдайы
- Ауыл шаруашылығы өнімдері саудасының даму процесі мен негізгі сипаттамаларын талдау;
- Екіжақты саудаға әсер ететін негізгі факторларды талдау;
- Сауда мен ынтымақтастықтың даму болашағын зерттеу;
Семинар барысында қатысушылар екі ел арасындағы ауыл шаруашылық саласындағы сауда байланыстарының жалпы жағдайымен толық танысты. Кафедра оқытушылары мен докторанттарының қатысуымен пікір алмасу өтті, ал семинар қорытындысы бойынша бұл бағытта зерттеуді жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Басқа жаңалықтар

