- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында Аударма ісі (корейтану) мамандығы бойынша өткізілетін Республикалық пәндік олимпиада»
«Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында Аударма ісі (корейтану) мамандығы бойынша өткізілетін Республикалық пәндік олимпиада»

2025 жылдың 24 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында аударма ісі (шығыс тілдері- корей тілі) мамандығы бойынша дәстүрлі Республикалық пәндік олимпиадасы» өткізілді. Бұл сайыс білім ордаларының арасында үздік студенттерді біріктіріп, олардың корей тілі мен «қоғам және мәдениет» бағытында білімдерімен сынасты.
Олимпиаданың мақсаты – студенттердің аударма ісіне қатысты білімдері мен дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін, ғылыми ізденісін дамыту, дарынды білімгерлерді анықтау және оларға қолдау көрсету.
Бұл іс-шара студенттердің аударма ісі саласында аударма жасау дағдыларын арттырумен қатар, олардың аударма жасауда шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.
Олимпиадаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2-4 курс студенттері қатысты.
Комиссия төрағасы қызметін атқарған, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шығыс филологиясы кафедрасының профессоры PhD Джанг Хо Джонг және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы қатысушыларға тек жеңіс тіледі. Байқау бағдарламасы екі кезеңнен тұрды: жазбаша және ауызша аударма тапсырмалары мен бейнемәтін беріліп, презентация қорғау.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және ынталандыру грамоталарымен марапатталды. Олимпиада – тек білім жарысы ғана емес, корей елін тереңірек зерттеп-зерделеуге ұмтылған жастар үшін тәжірибе алмасу мен кәсіби дамудың бірегей алаңы.
Басқа жаңалықтар


