Жапон тілінен ХVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада сәтті өтті

2025 жылдың 22-23 сәуірі аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының ұйымдастыруымен «Шығыстану» мамандығы бойынша жапон тілінен ХVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді.
Олимпиадаға еліміздің әртүрлі жоғары оқу орындарында «Шығыстану» мамандығы бойынша жапон бөлімінде білім алып жатқан 2, 3 және 4 курс студенттері қатысты.
Республикалық пәндік олимпиада екі кезеңнен тұрды.
Бірінші турда қатысушылар жапон тілінен лексика-грамматикалық тест және елтану бойынша тест тапсырды. Тест нәтижелері 100 ұпайлық жүйемен бағаланды. Жоғары нәтиже көрсеткен алғашқы 10 студент байқаудың екінші кезеңіне өтті.
Екінші турда қатысушылар «Әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардағы Жапония» тақырыбында инновациялық технологияларды пайдалана отырып, өз жобаларын жапон тілінде қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша келесі студенттер жүлделі орындарға ие болды:
І орын – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінің жапонтану бөлімінің студенті Рахымжан Малика
ІІ орын – Шығыстану факультетінің жапонтану бөлімінің студенттері
Клевцов Дмитрий және Орамалова Мөлдір
ІІІ орын – Шығыстану факультетінің жапонтану бөлімінің студенттері Бекболат Мирас, Рысбахова Риза және Сұлтангазиев Бекзат (Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті)
Олимпиада барысында жоғары дайындық пен тілдік құзыреттілігін көрсеткен барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл іс-шара болашақ шығыстанушылардың кәсіби дамуына зор серпін беріп, жапон тілін терең меңгеруге деген ынталарын арттырды деп сенеміз.