- Басты бет
- Жаңалықтар
- TotalEnergies компаниясының өкілдерімен кездесу: ҚазҰУ тұрақты даму жне ЖЭК бойынша жазғы мектепке дайындықты бастады. ТДМ 4 жне ТДМ 9
TotalEnergies компаниясының өкілдерімен кездесу: ҚазҰУ тұрақты даму жне ЖЭК бойынша жазғы мектепке дайындықты бастады. ТДМ 4 жне ТДМ 9
Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде халықаралық энергетикалық TotalEnergies компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараға компанияның үкіметпен жне корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Данияр Сәлімбаев пен әлеуметтік жобалар менеджері Алтынай Аманбаева қатысты.
Кездесудің мақсаты – 2025 жылғы 16–19 маусым аралығында өтетін тұрақты даму, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК), мұнай жне газ бойынша жазғы мектепті ұйымдастыру мәселелерін талқылау. Жоба TotalEnergies EP Kazakhstan қолдауымен, сондай-ақ ЮНЕСКО, Профессорлар мен оқытушылар қауымдастығы, ҚазҰУ, АУЭС жне ҚазҰТУ серіктестігімен жүзеге асырылады.
Бағдарлама аясында тегін дәрістер, 5 пәнаралық пән, практикалық кейстер мен тұрақты энергетика жне табиғатты пайдаланудың өзекті мәселелері бойынша пікірталастар қарастырылған. Іс-шараға еліміздің жетекші техникалық ЖОО студенттері қатысады.
Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қосқан үлесі:
- ТДМ 4 – Сапалы білім: тұрақты даму саласындағы заманауи білімге қолжетімділік;
- ТДМ 7 – Қолжетімді жне таза энергия: жаңартылатын энергетика саласындағы болашақ мамандарды даярлау.
Физика-техникалық факультет ғылым, бизнес жне қоғам арасындағы өзара іс-қимылды күшейте отырып, ұлттық жне халықаралық тұрақты даму бастамаларына белсенді үлес қосуда.
Басқа жаңалықтар

