Биология жне биотехнология бойынша студенттер арасындағы республикалық олимпиадаFarabi University

51

Биология жне биотехнология бойынша студенттер арасындағы республикалық олимпиада

22 сәуір, 2025

2025 жылдың 21 сәуірінде Биология жне биотехнология факультетінде Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері арасында Биология жне Биотехнология мамандықтары бойынша республикалық олимпиада өтті.

Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен студенттік командалар қатысып, Қазақстанның жетекші университеттерін таныстырды. Олимпиада екі кезеңнен тұрды: теориялық жне практикалық, олардың нәтижесінде қорытындылар шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Олар дипломдар мен естелік сыйлықтармен салтанатты түрде марапатталды.

Қатысушылар конкурс сынақтарын тапсырып жатқанда, командалардың жетекшілері үшін факультеттегі биология мұражайы мен ғылыми зертханаларға экскурсия ұйымдастырылды. Ерекше назар молекулалық генетика лабораториясына аударылды, оны молекулалық биология жне генетика профессоры Бисенбаев Амангельды Куанбаевич басқаруда. Экскурсия барысында қонақтар тек заманауи зертханалық жабдықтармен танысып қана қоймай, іске асырылып жатқан ғылыми-зерттеу жобаларымен де танысты — қазіргі жне бұрынғы жобалармен.

Олимпиада жастардың ғылыми тәжірибе алмасуы, ғылыми байланыстар орнатуы жне биологиялық ғылымдар саласында одан әрі даму үшін ынталандырудың тамаша алаңына айналды.

Молекулалық биология жне генетика кафедрасы