- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Медиа және коммуникациядағы жасанды интеллект" атты халықаралық журналистика форумы өтті
"Медиа және коммуникациядағы жасанды интеллект" атты халықаралық журналистика форумы өтті

Бүгін, 9 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің ұйымдастыруымен «Медиа және коммуникация саласындағы жасанды интеллект» атты халықаралық форумы өтті.
Форумның мақсаты – медиа мен коммуникация саласындағы жасанды интеллект (AI) технологияларының қолданылу мүмкіндіктері мен келешегін талқылау, сондай-ақ болашақ журналистер мен зерттеушілерді жаңа технологиялармен жұмыс істеуге ынталандыру.
Форумға Қазақстан, Ресей, Малайзия, Таиланд елдерінен келген ғалымдар, медиа сарапшылар мен журналистер қатысты. Шараны ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы Әуесбай Қанат Әуесбайұлы жүргізді.
Форум қонақтарын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің сарапшысы Ергешбек Ақниет құттықтап, ресми ашылу рәсімін жүргізді. БҰҰ-ның Қазақстандағы Ақпарат бюросының басшысы Властимил Самек өз алғысын білдіріп, форум жұмысына сәттілік тіледі.
Форум аясында заманауи медиадағы жасанды интеллекттің рөлі, цифрлық журналистиканың болашағы және технология мен ақпарат кеңістігінің тоғысы кеңінен талқыланды. Шара барысында ҚазҰУ журналистика факультеті түлегі Мейіржан Әуелханұлының “Жасанды интеллект әліппесі” аталған кітабының таныстырылымы өтті. Автор оқырманға жасанды интеллект жайлы қазақ тіліндегі қолжетімді әрі нақты ақпарат ұсынудың маңызын атап өтті.
Іс-шараға отандық және шетелдік сарапшылар, медиа саласының мамандары мен зерттеушілер қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Форум офлайн форматпен қатар, Zoom платформасы арқылы да тікелей көрсетілді.
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы
Басқа жаңалықтар


