«Лайықты еңбек және тұрақты даму»

2025 жылдың 17 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің түркология және тіл теориясы кафедрасының оқытушылары- Кайбулдаева А.З., Контек А. М., Несіпбай Г. Б., Калбирова Т.Н., Ракымбаев А.Ж жетекшілігімен «7М01704 – Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары педагогикалық практика аясында «Лайықты еңбек және тұрақты даму» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – лайықты еңбек ұғымын ашу, тұрақты даму мен тұлғаның кәсіби өсуі арасындағы өзара байланысты көрсету, сондай-ақ студенттердің әлеуметтік әділеттілік, жұмыспен қамту және экономикалық өсім мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру. Сонымен қатар, тәрбие сағаты сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік дағдылар мен студенттердің дүниетанымын дамытуға ықпал етті.
Тәрбие сағаты аясында түрлі интерактивті тапсырмалар орындалды: қатысушылар тақырыптық бейнеролик көріп, кейін ‘mind map’ форматында тұрақты дамуға қатысты негізгі ұғымдар мен мәселелерді талқылады. Сұрақ-жауап форматында студенттер білім, лайықты еңбек және орнықты болашақтың маңызы туралы ойларымен бөлісті. Іс-шара шағын дебатпен аяқталып, қатысушылар өз пікірлерін дәлелді жеткізу қабілетін көрсетті.
Жалпы, бұл тәрбие сағаты студенттердің тұрақты дамудың жаһандық мақсаттары мен еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы саналы көзқарасын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.
Ұйымдастырушылар: «7М01704 – Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары — Дамир Камилла, Рыспаева Сабина, Сабет Елдана, Қунақпай Малике, Жұмағали Пахиза.
Басқа жаңалықтар

