Механика-математика факультетінің 2-курс магистранттарының ғылыми тағылымдамадан өтуіFarabi University

51

Механика-математика факультетінің 2-курс магистранттарының ғылыми тағылымдамадан өтуі

18 сәуір, 2025

2025 жылғы 1 сәуір мен 14 сәуір аралығында механика-математика факультетінің 2-курс магистранттары Баку мемлекеттік университетінде (БМУ) ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдаманың мақсаты – ғылыми білімді тереңдету, тәжірибе алмасу, зерттеу құзыреттерін дамыту және халықаралық академиялық байланыстар орнату.
Тағылымдама барысында магистранттар Баку мемлекеттік университетінің ғылыми инфрақұрылымымен танысып, механика және математика факультетінің зертханалары мен ғылыми орталықтарын аралады. Сонымен қатар, магистранттар БМУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамынан тағайындалған ғылыми жетекшілермен бірге өздерінің ғылыми тақырыптарымен жұмыс істеді. Олар ғылыми семинарлар мен кеңестерге қатысып, математикалық және компьютерлік модельдеу, механика, динамика салаларындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Механика-математика факультетінің магистранттарының Баку мемлекеттік университетіндегі ғылыми тағылымдамасы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бірнеше негізгі бағыттарымен үйлесімді түрде жүзеге асырылды. Атап айтқанда, бұл бастама ТДМ 4: Сапалы білім беру мақсатына сәйкес келеді, себебі тағылымдама магистранттарға халықаралық академиялық ортаға қол жеткізуге, зерттеу дағдыларын дамытуға және механика, математика мен модельдеудің заманауи бағыттарында білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, тағылымдама ТДМ 17: Мақсаттар үшін серіктестік аясында халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтіп, ресейлік және шетелдік университеттер арасында әдістемелік тәжірибе алмасуға және бірлескен ғылыми жобаларды дамытуға ықпал етті. Бұған қоса, тағылымдаманың мазмұны ТДМ 9: Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым мақсатымен тығыз байланысты: қатысушылар заманауи ғылыми инфрақұрылыммен, зертханалық жабдықтармен және математикалық пен компьютерлік модельдеудің инновациялық тәсілдерімен танысып, ғылыми-технологиялық прогреске өз үлесін қосуға мүмкіндік алды.