«Жаратылыс туралы қарадүрсін түсініктер мен геоцентризм» тақырыбында семинарFarabi University

51

«Жаратылыс туралы қарадүрсін түсініктер мен геоцентризм» тақырыбында семинар

18 сәуір, 2025

 

2025 жылғы 18 сәуір – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде дінтану мамандығының студенттері үшін «Дүниенің жаратылысы туралы адамның қара дүрсін түсінігі. Аспан шырақтарының жаратылысы. Геоцентризм. Жан-жануарлар мен өсімдіктердің пайда болуы» атты ғылыми-танымдық семинар өткізілді. Семинар барысында көне заман адамдарының ғалам туралы бастапқы түсініктері, дүниенің құрылысы жайлы мифологиялық және діни көзқарастар, әсіресе геоцентризм ұғымының тарихи маңызы жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар аспан денелерінің пайда болуы жайлы көне дәуір пайымдары мен тіршілік иелерінің жаратылысы туралы діни-мәдени түсініктерге ғылыми тұрғыдан шолу жасалды. Баяндамаларда адамзаттың алғашқы дүниетанымы мен қазіргі жаратылыстану ғылымы арасындағы айырмашылықтар, сондай-ақ дін мен ғылымның өзара ықпалы кеңінен талқыланды. Студенттер көне көзқарастардың заманауи ғылыммен ұштасу мүмкіндіктері туралы пікір алмасып, таным көкжиектерін кеңейтті. Мұндай іс-шаралар студенттердің тарихи-ғылыми ойлау дағдысын қалыптастырып, дін мен ғылымның үйлесіміне деген көзқарасын тереңдетуге зор ықпал етеді.

Ұйымдастырушылар:

  • Филол.ғ.к., доцент Балтымова М.Р.
  • PhD, аға оқытушы Мұқан Нұрзат
  • Алпысбай Әсем, исламтану мамандығының 1-курс магистранты