NEOTÜRK: ғасырлар мен технологиялар тоғысындаFarabi University

51

NEOTÜRK: ғасырлар мен технологиялар тоғысында

7 сәуір, 2025

2025 жылдың 7 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түркі әлемінің мәдени және рухани мұрасын жаңғырту мақсатында «NEOTÜRK: ғасырлар мен технологиялар тоғысында» атты Халықаралық ғылыми жас түркітанушылар конференциясы өтті. Конференция офлайн және онлайн форматта өтіп, түркі дүниесінің тілдік, әдеби және тарихи кеңістігін ғылыми тұрғыдан саралаған маңызды алаңға айналды. Шараға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Польша, Нидерланды секілді елдерден жас түркітанушылар мен жетекші ғалымдар қатысып, түркітанудың өзекті мәселелері бойынша баяндамалар жасады. Конференцияда Махмұд Қашғаридің «Дивани Лұғат әт-Түрк» еңбегі, түркі музыкасы, жазба мұраларды зерттеу, этнолингвистика және тілдік сәйкестік сынды тақырыптар терең талқыланды.

Әл-Фарабидің 1155 жылдығы мен М.Қашқарийдің 950 жылдығына орай академик түркітану ғылымының көрнекті өкілі Ә.Қайдар атындағы «Халықаралық түркі мәдениеті және мұрасы» орталығы ашылды. Осы іс-шара аясында білім мен ғылымға ынталы, зерттеушілік қабілеті жоғары студенттерді қолдау мақсатында академик Әбдуәлі Қайдар атындағы шәкіртақы байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Шәкіртақы иегерлері мен үздік деп танылған жас түркітанушылар:

• 🥇1 орын — Асилбай Еркенұр Ануарқызы 100 мың теңге

• 🥈2 орын — Матиева Гырмызы Матиевна   70 мың теңге

• 🥉3 орын — Кес-Оглы Ангелина Аслановна  65 мың теңге

Конференцияда «Асқар Құрмашұлы Егеубаев орта ғасыр ескерткіштерін зерттеуші ғалым» секциясында терең білімімен, зерттеу қәбілетімен әрі ерекше ғылыми көзқарасымен үздік танылған студенттерге де шәкіртақы мен сертификаттар табысталды. 

• 🥇1 орын — Мырзағалиқызы Нұрсезім  100 мың теңге

• 🥈2 орын — Иманкулова Айганым   70 мың теңге

• 🥉3 орын — Кес-Оглы Ангелина Аслановна  50 мың теңге

Бұндай іс-шаралар жас буын арасында ғылыми-зерттеу жұмысын ілгерілетуге серпін беретіні сөзсіз.

Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасы.