ылым күні Қытайтану кафедрасының профессоры «Парасат» орденімен марапатталдыFarabi University

51

ылым күні Қытайтану кафедрасының профессоры «Парасат» орденімен марапатталды

14 сәуір, 2025

12 сәуір – ылым күні аясында еліміздің ғылым қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды. Соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, ғылымға сіңірген ерекше еңбегі үшін Қытайтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызы «Парасат» орденімен марапатталды.

Мемлекеттік марапатты ҚР ылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арнайы табыстап, профессордың еліміздегі шығыстану мен қытайтану ғылымына, жас зерттеушілерді тәрбиелеуге қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.

Қытайтану кафедрасының және Шығыстану факультетінің ұжымы Нұржамал Әбдіразаққызын осы биік марапатпен шын жүректен құттықтап, ғылым жолындағы қажырлы еңбегіне алғыс білдіреді.

Ұжым атынан профессорға зор денсаулық, ғылыми шабыт, тың жаңалықтар мен табысты жобалар тілейміз!