Отбасындағы құндылықтар үйлесімділігі: өзекті мәселелер мен шешімдерFarabi University

51

Отбасындағы құндылықтар үйлесімділігі: өзекті мәселелер мен шешімдер

13 наурыз, 2025

 

2025 жылғы 13 наурызда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінде «Отбасындағы құндылықтар үйлесімділігі» атты семинар өтті. Іс-шара Дінтану және мәдениеттану кафедрасының бастамасымен ұйымдастырылып, отбасы институтының тұрақтылығы мен үйлесімділігі философиялық, психологиялық, құқықтық және діни тұрғыдан талқыланды.

Семинарға оқытушылар, магистранттар мен студенттер қатысып, отбасылық құндылықтардың рөлі, олардың трансформациясы және үйлесімді қарым-қатынасты сақтау жолдары сөз болды.

Отбасылық институттың маңызы және сын-қатерлер

Спикер Ақан Мергенбай (отбасылық эксперт, психолог) қазақ қоғамындағы отбасы институтының тарихи маңызы, оның өзгеруі және ажырасу мәселесінің себептері туралы баяндады. Қатысушылар отбасылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, құндылықтардың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін арттыру және заманауи қиындықтарды еңсеру жолдары жөнінде пікір алмасты.

Зерттеушілер назар аударған мәселелер:

• Қазіргі қоғамдағы отбасылық рөлдердің өзгеруі;

• Жастардың отбасы құруға деген көзқарасы және оның себептері;

• Ажырасудың әлеуметтік-психологиялық факторлары;

• Дәстүрлі құндылықтардың отбасылық қарым-қатынасты нығайтудағы орны.

Семинар барысында жас ұрпақтың отбасылық жауапкершілігін арттыру мен отбасы институтының беріктігін нығайтуға арналған шаралар талқыланды.

Іс-шараны ұйымдастырған:

Философия және саясаттану факультетінің оқытушылары мен «Исламтану» мамандығының магистранттары.