
ТДМ-4 «Сапалы білім» аясында 2025 жылғы 25-26 ақпан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде педагогикалық практика шеңберінде 7M07101 – Мұнай химиясы, 7М07106 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 7М05301 – Химия білім беру бағдарламаларының 1-курс магистранттары: Ілияс Сұлтан ылымбекұлы, Ли И, Дектерюк Юлия Андреевна, Жалғасбек Нұрмәуе, Жолдасбаев Алмат Қайратұлы және Қайдарбекова Дильназ Бердібекқызы (ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары, профессор м.а. Дюсебаева М.А., кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары, химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Литвиненко Ю.А., педагогикалық практиканың жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Үмбетова А.К., куратор-эдвайзер, PhD, профессор м.а. Құдайбергенова Б.М.) химия және органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер технологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Үздік органик-химик 2025» олимпиадасын өткізді. Олимпиада жан-жақты және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және өмір бойы оқуға мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған.
Олимпиадаға Қазақ ұлттық университеті, Алматы технологиялық университеті және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің студенттері қатысты.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші – теориялық кезеңде қатысушылар органикалық химияның негізгі салаларын қамтитын бес тапсырманы орындады: табиғи қосылыстар химиясы, физика-химиялық талдау әдістері және органикалық химияның классикалық бөлімдері. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған 10 студент іріктелді.
Екінші кезең практикалық сипатқа ие болды. Қатысушылар белгісіз екі органикалық қосылысты анықтау бойынша химиялық эксперименттер жүргізіп, олардың құрылымын инфрақызыл спектроскопия әдісімен талдады. Бұл кезең студенттердің теориялық білімдерін ғана емес, сонымен қатар зертханалық жұмыс дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді.
26 ақпанда салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, студенттердің жоғары дайындығы мен ғылымға деген ұмтылысын атап өтті. «Үздік органик-химик» олимпиадасы органикалық химия саласындағы болашақ мамандар арасында білім мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жеңімпаздар есімі:
1 орын – Ілияс Амирәлі
2 орын – Погоров Федор
3 орын – Сосин Вадим
3 орын – Симонов Михаил
Бұл олимпиада студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, органикалық химия саласындағы ғылыми зерттеулерді ынталандыруға және университеттер арасындағы білім беру байланыстарын нығайтуға ықпал етеді.
«Үздік органик-химик 2025» олимпиадасының демеушісі химия және органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер технологиясы кафедрасы атынан кафедра меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ирмухаметов Г.С. болды.
Басқа жаңалықтар

