- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанттары «Visit Zhetusy» туристік ақпараттық орталығында болып, Жетісудың туризм саласының өкілдерімен кездесулер өткізді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанттары «Visit Zhetusy» туристік ақпараттық орталығында болып, Жетісудың туризм саласының өкілдерімен кездесулер өткізді
2025 жылдың 14-15 наурыз аралығында Рекреациялық география және туризм кафедрасының «Туризм және қонақжайлылық» мамандығының 1 курс докторанттары Қабдрахманова Сәния мен Сатқали Илан Талдықорған қаласындағы «Visit Zhetusy» туристік ақпараттық орталығына () іс-сапармен барып қайтты.
Сапар барысында туристік Орталық басышысының орынбасары Қапасов Мейрамбек Қуанышұлымен кездесу өткізіп, оның барысында Жетісу өңіріндегі туризмді дамытудың қазіргі жағдайы мен динамикасы мәселелері талқыланды. Туризм индустриясындағы жаңа міндеттерге, сондай-ақ орталықтың өңірді тартымды туристік бағыт ретінде таныту бойынша атқарып жатқан іс-шараларына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Текелі қаласы Мәдениет үйінде қала мен оның төңірегінде туризмді дамытуға белсене атсалысып жүрген «Adventure Life» қоғамдық бірлестігінің менеджері турист-гид Александр Артющенкомен кездесу өтті. Әңгіме барысында Текелі қаласындағы туризмнің даму динамикасының мәселелері, туристік преференцияларды талдау, сондай-ақ туристік маршруттарды дамыту перспективалары талқыланды.
Аталмыш іс-сапар өңірдің туристік саласының жай-күйі туралы өзекті ақпарат алуға, болашақта зерттеудің негізгі бағыттарын анықтауға және Жетісу өңіріндегі туризм саласының өкілдерімен кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар

