- Басты бет
- Жаңалықтар
- «FARABI HUB» ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР МЕН ӨНІМДЕРДІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ
«FARABI HUB» ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР МЕН ӨНІМДЕРДІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2023 жылы 7 қарашада жеке қабылдап, білім сапасын жақсарту, еліміздің дамуына ғылымның қосатын үлесін арттыру және университет қалашығын жаңғырту жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын.
Осыған сәйкес, «Farabi Hub» инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойы аясында бой көтерді.
Хабтың мақсаты – озық білімге, технологиялар мен ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, ғылыми әзірлемелер мен технологиялық идеяларды нақты экономикаға енгізуді жеделдету.
«Farabi Hub» университеттермен және ғылыми институттармен, сондай-ақ инвестор компаниялармен әріптестік байланыс орнатады. Бірлескен зерттеулер жүргізіліп, жаңа технологиялар әзірленеді.
Соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған ғылыми зертханалар ғылым мен технологияның әртүрлі салаларында зерттеулер жүргізіп, тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Креативті индустрия, жасанды интеллект, стартап жобаларды жүзеге асырады. Мұнда ZTE, BASF, Binlin технологиялық корпорациясы, Францияның жетекші мемлекеттік ғылыми мекемесі CNRS және басқа шетелдік компаниялардың орталықтары, университет базасындағы ғылыми зерттеу институттары орналасқан. Бұған қосымша коворкинг алаң, конференц-зал, фуршет залы, кофехана жұмыс істейді.
«Farabi Hub» орталығының жалпы ауданы 5000 шаршы метрді құрайды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

