
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңадан медициналық факультет ашты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі (ҚДСМ) – медициналық факультеті ашылды. Мұнда бакалавриат, магистратура, резидентура, докторантура – білім берудің барлық деңгейдегі медициналық кадрларды дайындау бағдарламалары халықаралық стандарттарға сай жне соңғы ғылыми жетістіктерге негізделіп жүзеге асады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау жне оны жақсарту мақсатында жаңа бағдарламалар дайындау, оны жүзеге асыру жне ары қарай дамытумен айналысатын шағын жне орта бизнес өкілдері, түрлі бағыттағы мамандар мен ұйымдарға қосымша ксіби білім беру де қарастырылған.
Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары (ҚДСМ) мектебі ҚазҰУ-дағы он бесінші факультет. Медициналық бағытты дамытуда Азиядағы жне лемдегі жетекші жоғары оқу орындары болып саналатын рі Оңтүстік Кореядағы үздік үштікке кіретін Сеул университеті мен Иёнсе университеті ҚазҰУ-дың бас серіктестері. Әлем бойынша Оңтүстік Корея денсаулық сақтау саласында алдыңғы қатарда болғандықтан ҚДСМ-нің білім беру бағдарламалары осы елдің тжірибесіне сүйеніп жасалып отыр.
Университеттер арасында жасалған халықаралық келісім негізінде корей ғалымдары медициналық кадрлар дайындау бағдарламасына белсенді атсалыспақ. 2015 жылдың желтоқсан айында ректор .Мұта&;новтың басшылығымен ҚазҰУ делегациясы Оңтүстік Кореяға жасаған сапарында Корей университеттерінің президенттері ниеттерін растаған болатын. Шетелдік ғалымдар денсаулық сақтау саласында инновациялық жне заманауи технологияларды пайдалану жне медициналық басқару жүйесіне байланысты дрістер оқып, шеберлік сыныптарын өткізетін болады. Қазақ&;с&;тандық оқытушылар мен студенттер шетелдік медициналық кафедралар мен зертханалар негізінде біліктіліктерін арттыруға, ғылыми тағылымдама мен тжірибеден өтуге мүмкіндік алады. Халықаралық ріптестік негізінде ҚазҰУ Оңтүстік Корея университеттерінде магистратура жне докторантура болашақ мамандарын оқытуды жне қоғамдық денсаулық сақтаудың, медицина дамуының өзекті мселелеріне байланысты бірлескен ғылыми зерттеу жобаларын жасауды бастап кетті.
ҚазҰУ мен корей университеттері арасындағы ріптестік Қазақс&;&;танда лемдік жоғары стандарттарға негізделген медицина қызметкерлерін дайындаудың жаңа бағытын айқындады. Ол клиникалық жне академиялық ұйымдардың бірлесіп жұмыс жасау нтижесінде үздік халықаралық тжірибені іске асыру арқылы ең жоғары лемдік стандарттарға қол жеткізуге бағытталған. Қазіргі таңда ҚазҰУ негізінде медициналық-биологиялық кластер құрылуда жне биомедицина саласында сұранысқа ие мамандықтар оқытылуда.
ҚазҰУ Оңтүстік Кореялық Иёнсе университетінің «Кангнам Северанс» клиникасымен бірлесе отырып университеттің диагностикалық орталығын премиум сатысына көтеру мақсатында жұмыстар атқаруда. Жоғарыда аталған шетелдік клиникада ҚазҰУ-дың 18 маманы арнайы бағдарламамен білім алды. Диагностикалық орталық Siemens, General Electric, Samsung сияқты жетекші өндірушілердің соңғы медициналық жабдықтарымен жабдықталған. «Кангнам Северанс» клиникасы жетекші мамандарының қатысуымен телемедицина технологиясын пайдалану арқылы науқастарға қашықтықтан кеңес беру мен диагноз анықтау жүйесі енгізілді. Алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік ріптестік негізінде 500 орынға шақталған медициналық клиника ашу жоспарда бар.
Баян Кдірбайқызы
Басқа жаңалықтар

