Қазақ дала мәдениетіндегі әйелдердің мәртебесіFarabi University

51

Қазақ дала мәдениетіндегі әйелдердің мәртебесі

5 наурыз, 2025

5 наурыз 2025 жылы Халықаралық әйелдер күніне орай ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбысжазбалар архивінде «Қазақ дала мәдениетіндегі әйелдердің мәртебесі» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты «Архив-2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қазақ әйелдерінің ХІХ-ХХ ғасырларда тұрмыс-тіршілігін көрсету.  Іс-шараға белгілі тарихшылар, этнограф ғалымдар, киноматографистер, суретшілер, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары және «Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету», «Сандық архивтану» мамадықтарының студенттері қатысты.

Іс-шара аясында 1927 жылғы "Кеңестік Қазақстан" киножурналының көрсетілімі болды, онда  қазақ әйелдерінің жағдайы және олардың "ұжымдастыру", қазақ ауылының социалистік қайта құру процестеріне бейімделуі туралы айтылды. Сондай-ақ, «Архив 2025» шеңберінде қазақ әйелдеріне қатысты шетел архивтерінен, атап айтсақ, Мәскеу, Санкт-Петербург кинофотоархивтерінен, Гамбург этнографиялық музейінен алып келген бірегей фотоқұжаттар алғашқы рет  фотокөрмеде ұсынылды. Жастар  үшін өткізген шараның  тарихи сананы қалыптастыруда, патриоттық, рухани тәрбие беруде де маңызы зор. Әсіресе, студенттер үлкен әсер алды.

Ұйымдастырушылар ҚазҰУ тарапынан: Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі профессор Мырзабекова Р.С., доцент Алпысбаева Н.К., аға оқытушы Нурпеисова Б.Е., аға оқытушы Нұсқабай П.Н.